Түсінбедім – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Түсінбедім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1275
Түсінбедім!
Өмірге түскен терең із
Жақсы-жаманын
ажырата айтып-ақ келеміз.
Өзіміз сынап,
өзіміз мінеп өткенді,
Бүгін кеп соны
неге қайталай береміз!
Түсінбедім!
Жоқ па басқа шарамыз?
Бейшара көшті
қай жаққа сүйреп барамыз?
Қолдан жасалған
құдай деп кеше құлатып,
Неліктен бүгін
жаңадан жасап аламыз? 
Түсінбедім!
Құдай біреу еді бір күнде.
Жүретін еді құзыры
көпке сол бірдің де.
Япыр-ау бүгін
аспаннан құдай жауғандай...
Әлде мен ояу
ұйқыда, сірә, жүрмін бе!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері