Желпіп бір жазық белдің ақ сағымын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Желпіп бір жазық белдің ақ сағымын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 721
Желпіп бір жазық белдің ақ сағымын,
Бұлақ боп сылдыр қағып ақса жырым.
Елеусіз қалдырмастан есіңе алшы,
Өзіңсіз ұйқым шала, жоқ сабырым.
Алаңсыз ер кеудеңмен мен егіз ем,
Қалайша үмітімді сенен үзем.
Беймезгіл өзің келе жатқандай боп,
Көп қарап көк белеске елегізем...
Сырымды қалай айтпай, шектеймін мен,
Бар сырды тұра алмаймын төкпей жырмен.
Көргенде көптің бірі боласың да,
Көрмесем арманымсың жетпей жүрген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері