Бұл бетте «Аспан» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Менің тым зеріккен мұңым —
О, бәлкім, қыр асқан ғалам.
Беу, шіркін, неліктен бүгін
Ұқсайды мына аспан маған?
Мына аспан мөлдіремейді,
Бейне сұр қорғасын кеме.
«Бұлттарымт оңды» демейді,
Тоңды ғой, тоңбасын неге?
Сәулесіз бұл нендей ғалам,
Қиылып қарамайды Күн.
Тырсиды нұр бермей маған,
Оу, неге тарамайды мұң?
Жоғалды бұла таңдарым,
Мен — бүрсіз құба талдаймын.
Аспанды жұбата алмадым,
О, тіпті жұбата алмаймын...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі