Өлең, жыр, ақындар

Майдақоңыр (1 нұсқа)

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3341
Жігіттің падишасы-ай, Әмір-Темір, Әмір-Темір, а-уай,
Бозбала әнге салсаң, шіркін-ай, қайғың кемір, а, уай-ай.
Кешегі бес болыстың-ай съезінде, съезінде, а-уай,
Жайқалып Ақан салған, шіркін-ай, «Майдақоңыр», а-уай-ай.

Қайырмасы:
Ха-лә-лә, лә-лә-лә, лә-ләй, ха-лә-лә-лә-ләй,
Ха-лә-лә-лә, лә-лә, лә-лә-ләй.
Ха-лә-лә-лә, лә-лә-лә, лә-лә-лә-ләй,
Ха-лә-лә, лә-ләй, ха-лә-лә, лә-ләй, лә-ләй-ау.

Жүйрік ат, жақсы қатын—ел қайрағы,
Жігіттің болып өстім сер бойдағы.
Қағаз шай, тәтті қымыз—ер азығы,
Күйіңе түсіреді қай-қайдағы.

Қайырмасы:
Ха-лә-лә, лә-лә-лә, лә-ләй, ха-лә-лә-лә-ләй,
Ха-лә-лә-лә, лә-лә, лә-лә-ләй.
Ха-лә-лә-лә, лә-лә-лә, лә-лә-лә-ләй,
Ха-лә-лә, лә-ләй, ха-лә-лә, лә-ләй, лә-ләй-ау.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақбөпе /1-нұсқа/

  • 0
  • 0

Кеткенің бе, Ақбөпе, күдер үзіп?
Кетеріңде беріп кет түймеңді үзіп!
Беу, Әзизатай-Ақбөпе,
Енді есен бол-ай!

Толық

Қаракөз (2 нұсқа)

  • 0
  • 0

Құдай-ау құдыретіңе таң қаламын,
Жолында бір ғашықтың зарланамын.
Ішімді ғашық оты-ай күйдіреді-ау,
Сыртыма шығаруға арланамын-ай.

Толық

Жеңеше-ай (2-нұсқа)

  • 0
  • 0

Айдап салдым жылқымды тепсең жерге, жеңеше-ай,
Сіздей адам табылмас ексем жерге, жеңеше-ай.
Күн батар мен ымырттың арасында, жеңеше-ай,
Асыққаннан тимейді өкшем жерге, жеңеше-ай.

Толық