Қара саба – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Қара саба» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2794
Жылқы ауыл...
Күлде жатыр қара саба,
Әр жерін тесіп кеткен бала-шаға.
Түсетін қара шал жоқ арашаға,
"Қазіргі тірлікке бұл жараса ма!" —
Депті де, күлге сүйреп тастатыпты,
Көкайыл келін оны ала сала.
Күн салып айналаңа қара абайлап,
Көп жылқы баяғыша салады ойнақ.
"Тай жүзген" — қара саба күлде жатыр,
Не сәнге, не мүлікке жарамай қап.
Қараймын барлығына секем алып,
автолар ат орнына жетеді ағып.
Бос шиша ғұрлы болмад қара саба,
Оларды өткізуге кетеді алып.
Десек те дәстүрін ел ұмытпайды,
Көп жігіт өткенінен түк ұқпайды.
...Желіге келмек тұрмақ, құлын біткен
Құланша маңайына жуытпайды...
Сөнбесін баба көзі деп тілесе,
Ішті-ішке болар еді тепкілесе!
«Қалдығы ескіліктің жойылсын!» — деп,
Кіл сұр бет лектор келіп кетті кеше...
1984ж.
Бірі де көнереді, көнереді,
Дегенмен бір ойлану керек еді.
...Осынау сабасының жайын естіп,
Қара шал қайтып келсе не дер еді?!
Ұлы отыр отқа жағып керегені...
Баласы сол нән шалдың алашада
Мас болып оттап жатқан — аласа аға.
...Қауымға ырзық болған қара саба —
Қадірін қайдан білсін бала-шаға?!
Қара саба... бала-шаға... қара саба...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара саба өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Қара саба өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара саба өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара саба өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері