Жаза

Бұл бетте «Жаза» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Саудагер түксиiп қабағы,
Тектен-тек баласын сабады.
Саудасы жүрмесе əдетi,
Баладан өшiн кеп алады.
Жақын кеп көршiсi сұрасын:
– Не үшiн, ұлыңды ұрасың?
Не үшiн соққыға жығасың?
Айтсаңшы, бiлейiк кiнəсiн?
Саудагер зекiдi ұлына:
– Көрсетем мен бұған, мұны ма?!
Кесенi қиратар бұл деген,
Төлеген неше пұл құнына...
Сынған еш кесе жоқ, қараса,
Көршiсi таң болды тамаша.
– Баланы жазықсыз ұра ма,
Бер, батыр, бер, батыр, араша...
Саудагер көршiге қарады,
Қолынан босатып баланы.
– Кесенi жармаса... жарады.
Ертең-ақ сындырып алады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаза өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Жаза өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаза өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаза өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері