Кім қайда тұрады?

Бұл бетте «Кім қайда тұрады?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Почташы келiп сұрады:
– Алып кит қайда тұрады?
Мекенi,
Жайы,
Қай жерде?
Қай құрлықта?
Қай елде?
Белгiлi маған керегi,
Хат келсе
Адрес дерегi...
Кит айтты:
– Тұрақ тым қиғаш,
Көше жоқ онда қым-қиғаш,
Табуың менi оп-оңай,
Басқа бiр атау жоқ ондай.
Мекен-жай –
Тынық мұхиты, –
Дедi де сөзiн тұқырды.
Почташы келiп сұрады:
– Пiлiмiз қайда тұрады?
Мекенi,
Жайы,
Қай жерде?
Қай құрылықта?
Қай елде?
Белгiлi маған керегi,
Хат келсе,
Адрес дерегi...
Пiл айтты:
– Мекен, тумыстан
Джунгли iшi,
Үндiстан
Ескертiп айтам, тап мұны.
Көше жоқ онда нақтылы.
Əркiмнен сұрап барасыз,
Сол жерден менi табасыз.
Почташы тағы сұрады:
– Үкiнiң қайда тұрағы?
Мекенi,
Жайы,
Қай жерде?
Қай құрлықта?
Қай елде?
Белгiлi маған керегi,
Хат келсе,
Адрес дерегi...
Сонда Үкi айтты:
– Орманда,
Iздейсiң тек түн болғанда.
Қиыны – күндiз бармайсың,
Ескертем, таба алмайсың.
Аралап орман арасын,
Тапсаң, тек түнде табасың.
Қарақұрт айтты:
– Қарақұм,
Iздесең, жерiң баратын...
Жолбарыс айтты:
– Ну қамыс,
Сол жердi жайлап тұрамыз...
Аю да айтты:
– Қар асты...
Жыланың айтты:
– Жер асты...
Почташы жəне сұрады:
– Тарақан қайда тұрады?
Мекенi,
Жайы,
Қай жерде?
Қай құрлықта?
Қай елде?
Белгiлi маған керегi,
Хат келсе
Адрес дерегi...
Тарақан айтты тұрағын,
– Адрес мынау тұратын:
Индекс: мың төрт, ноль жетi,
Микрорайон он екi,
Қаланың өзi ең шетi,
Номерi үйдiң он-дағы
Екiншi пəтер сондағы.
Бар менде жəне телефон.
Телефон соқсаң керек ол.
Отыз үш, төрт ноль, аласыз,
Сол жерден менi табасыз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім қайда тұрады? өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Кім қайда тұрады? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім қайда тұрады? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім қайда тұрады? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері