Советстан — сегіз жасар арыстан

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 1
  • 6416
Советстан — сегіз жасар арыстан,
Сансыз жауын қалтыратқан алыстан,
Әлемді алған,
Шынжыр салған,
Ескі жалған,
Жеті басты жалмауызбен алысқан.
Советстан аждаһадай айбары,
Әділдік пен жауыздықтың майданы,
Жауыздықты
Ауыздықтап,
Езіп мықтап,
Борсылдатып, иткелмеске айдады!
Адамзатқа гулеп ұран тараттың,
Дүниені таңырқатып қараттың.
Оғын атқан,
Бұғып жатқан,
Тілмен шатқан,
Мырзаларға табаныңды жалаттың.
Жас арыстан, күшейесін айына,
Қылыш қайрап дүниенің байына,
Шешен мырза,
Көсем құлжа,
Енді ырза,
Сасық деген табанынның майына.
Талай қарын дірілдейді мал үшін.
Талай жауын доспын дейді жан үшін.
Біреуі «ұл» боп,
Бірі құл боп,
Советшіл боп,
«Сасық...» деген қолындағы нан үшін.
Талай мырза боқтап еді пасық деп,
«Доңыз Иван, тоқтат жынды басып» деп,
Тәубе деді,
Сауға деді,
Нан тіледі,
Арамыңнан май қолыннан «сасық!» деп.


Пікірлер (1)

Айару

Өте жақсы ақпарат болды маған

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Советстан — сегіз жасар арыстан өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Советстан — сегіз жасар арыстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Советстан — сегіз жасар арыстан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Советстан — сегіз жасар арыстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері