Ай астында жыр оқитын бір қыз бар

Бұл бетте «Ай астында жыр оқитын бір қыз бар» атты Ақгүл Тұрсынбай жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ай астында жыр оқитын бір қыз бар

Ауыл іші.
Жаздың түні.
Тым ыстық.
Дел-сал күйде мүлгіп жатыр айнала.
Ел ұйқыда.
Талықсыған тыныштық.
Кенет, көрші үй ауласынан қараңдап
Жас келіншек тысқа шықты жай ғана.
Әлдекімді күткен жандай алаңдап,
Түнгі аспанға көз тастады ойлана.

Нәзіктігі тал бойына жарасқан
Талшын еді келіншектің есімі.
Жас шағында жиырмадан жаңа асқан
Ерте атанды Түгелбайдың жесірі.
Бейшараға зәрін бүркіп қара аспан,
Бос тербелді сәбиінің бесігі.

Қос қайғыдан қарс айрылған жүрегі
Байғұс әйел жылайды да күледі.
Айкезбедей ауыл кезіп сенделіп,
Тірлігінің тірегі –
Жұбайының қорымында түнеді.
Ауыл болып бұған алғаш сенбедік,
Уақыт өте «ақыл-есі кем» дедік.

Сол келіншек кейінірек өзгерді,
Өзгергенін құлақ естіп, көз көрді.
Бейіттерде ұйықтауын доғарып,
Айтып жүрді түсініксіз сөздерді.
Қою түннің арасына жоғалып,
Айдың аппақ шәлісіне оранып,
Күбір-күбір жыр оқитын.
Ол – анық.

Иәә... Талшынның тыныштығы – түн еді.
Жарасына жұбаныш боп дем берген
Поэзия – оған жарық Күн еді.
Ақындардың жауһар тектес жырларын
Түн баласы жасырынып елдерден
Таңға дейін жатқа оқитын үнемі.
Маған, сосын түнге аян шын дарын,
Ғұмырымда алғаш рет мен көрген,
Мен естіген ең ғажайып, ең көркем –
Жыр оқыған сол бір қыздың үні еді.

...Көрші үйдің ауласынан қараңдап,
Түн ханшасы сыртқа шықты жай ғана.
Әлдекімді күткен жандай алаңдап,
Қара аспанға көз тастады ойлана.
Күншығыстан таң атқанша сібірлеп,
Кеберсіген еріндері дірілдеп
Жыр оқыды күбірлеп.

Қара өлеңнің құдіретіне балқыды,
Әуезді үнге басын иді түнгі аспан.
Самал желден жырдың исі аңқыды.
Түн ханшасы
көкірегін мұң басқан
Жұбататын поэзия арқылы.
Мұңдасы оның – жымыңдаған жұлдыздар,
Жұлдыздармен сыбырласып, сырласқан,
Ай астында жыр оқитын бір қыз бар.


Пікірлер (4)

Дарига Куанышкызы

өте керемет

Akgul1992

Дарига ракмеет,

Myrza

Өте керемет

Акгул

Мырза,ракмет сизге

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ай астында жыр оқитын бір қыз бар өлеңінің авторы кім?

Ақгүл Тұрсынбай — осы өлеңнің авторы.

Ай астында жыр оқитын бір қыз бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ай астында жыр оқитын бір қыз бар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ай астында жыр оқитын бір қыз бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер