Өлең, жыр, ақындар

Қадырға

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1018
Сен сыналдың,
бір апта
ойлап жүрдің сол жайлы.
Сені сынар бірақ та
жиын — күнде болмайды.
Сүймесіңді — жолатпа,
жалғыз-ақ қал сен мейлі.
Көп ішетін қонақ та
күнде саған келмейді.
Шыдау — сенің міндетің,
бұлшық ет боп пісіп, қат.
Жақсы бастық күнбе-күн
жатқан жоқ қой түсіп қап?!
Аңырма, Ақыл, түңілме, Ес,
Қайғы ойлама, қайран Бас:
күнде тұлпар сүрінбес,
есек күнде бәйгі алмас.
Бұ да қызық шақ шығар
сүлгі айтса ту жайлы...
Күнде өлмейді жақсылар,
жаман — күнде тумайды.
Сөйледі деп бір шірік
керегі не күрсініп.
Жаман емес тіршілік,
жаман емес тіршілік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қадырға өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Қадырға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қадырға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қадырға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері