Тыныштық – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Тыныштық» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1245
Кім үзеді өзі әлсіз, жіңішке ойды?
Тыныш дейді дүние, тыныш дейді.
Бірақ шыңды бұлт болып буды қайғы,
бірақ бұта дамылсыз судырайды.
Қайнап жатсын миында мың іс мейлі —
тыныш дейді дүние, тыныш дейді.
Бірақ мың үн маңайға тарайды үдеп,
күшік-бұлақ көк тасты жалайды кеп.
Үй шатырын ай нұры күмістейді —
тыныш дейді дүние, тыныш дейді.
Бір көлеңке, бір сәуле — ала-құла,
ала-құла үн берер қала мына.
Ой шатысты оралып жабағыға,
жел жығылды сүрініп балағына.
Сары жапырақ бұтадан құлап өлді —
қайдан болсын тыныштық бұл әлемде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыныштық өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Тыныштық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыныштық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыныштық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері