Өлең, жыр, ақындар

Көз жасы

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1164
О, сезімнің шым еткен нұр-шуағы
балқытады,
жуам десе — жуады...
Шыдай тұршы, шыбыным сәл, көз жасы
құлан кетсе күл-талқаны шығады.
Туған көз жас қасірет боп іш тіреп,
жүрегінде боп қайнап, пісті көп.
Хрустальдің сыңғырындай мөлдір жас
жарылса егер — "нейтроннан" күштірек.
Сақтаныңдар!
Сағат туса ерге сын,
адам ісін, аллам, өзің тергеші!
Мынау алғыр әйелдердің ғасыры
тек көз жастан қару жасай көрмесін!
Бірақ маған мынау жанар тұр ұнап —
(ұнағаны — құл болар ем бүгін-ақ).
Ал қарындас аңқаусиды, кірпікке
ең қуатты бомбаларды іліп ап.
Жылау керек,
(керек әрі боздамау),
керегірек кірпігіңді қозғамау.
Ажалға да ажар берер күлкі бар,
көз жасы да жарасатын көз бар-ау.
О, сезімнің шым еткен нұр-шуағы
жуам десе — кегіңді де жуады...
кірпік қақпай шыдай тұршы, көз жасы
тамып кетсе күл-талқаны шығады.
Кірпік қанша қағылмайды?!
Бір түнгі ой емес-ау бұл,
сақтық айтсам — құлқым ғой...
Сақтан!
Бір күн
мына дүние кірпігін
қағып-қағып жіберуі мүмкін ғой...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңіл

  • 0
  • 0

… Келеді өмір әрі ұқтырып, әрі үғып,
Ұқтырудың, ұғудың да бәрі – үміт.
Күлу менен қуану жас мәңгіге,
Қайдан келсін біздің жерге кәрілік!

Толық

Жаңбыр

  • 0
  • 0

Жаңбыр жауды,
хал мүшкіл,
көлік сирек — кешіктім.
Алқынып кеп жабыстым

Толық

Қыран

  • 0
  • 0

Үлгі-өнеге болсын дей ме артқыға:
— Қара шыңнан қарғып ұшып қарт қыран,
Шырқау көкке шығады екен өлерде,
Содан өзін тастайды екен төменге.

Толық

Қарап көріңіз