Бағбан – Бейсебай Кірісбаев

Бұл бетте «Бағбан» атты Бейсебай Кірісбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3980
Елден алғыс алған мың,
Мен бағбанмын, бағбанмын.
Дәмін көрші жүзімнің,
Дәмін көрші алмамның.

Бақ қызығы керек пе,
Кел, балақай, көмекке?!
Толтыра бер себетке,
Толтыра бер шелекке.

Адамға тән шыдам-күш,
Балаға тән ұнамды іс.
Бағбан бала атансаң,
Айтам саған мың алғыс.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері