Таңғы автобустар – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Таңғы автобустар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2099
Атпаған кез таң әлі,
Тек көшеде жанады
Светафорлар жанары.
Жарып түнгі ауаны
Айдынға шыққан бригантинадай,
Автобустар ағады.
Тұрады олар ертеменен жұрт үшін,
Барады олар тиеп алып адамдардың
күлкісін,
Автобустар елестетер көзіңе
Ерте ағылған ауылдардың жылқысын.
Ағады олар жаңа үйлерді салуға,
Ағады олар жаңа оттар боп жануға,
Бұлтқа асылып,
Көзінен от шашылып,
Жираф мойынды крандар болып қалуға.
Қайтады олар жұмыскер боп кеш түнде,
Шаршадым деп айтпайды олар ешкімге.
* * *
Өзін-өзі шіреніп нық ұстайтын,
Сырын айтып ешкімге жұғыспайтын
Курортта да кей жан бар
Жалғыз сондай
Кем-кетігін дүниенің дұрыстайтын.
Көпіреді айрандай ашып,
ұйып,
Тұрса дейді жұрттан ол асып иық.
Жүрсе дейді жорғалап құр секілді,
Алдиярлап,
басқалар басын иіп.
Аз деп жұрттың көрсеткен сый-құрметі,
Қалыпты әрең жарылмай былтыр өті.
Жүреді ылғи сызданып сұп-сұр болып,
Үсіп кеткен алмадай жылтыр беті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңғы автобустар өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Таңғы автобустар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңғы автобустар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңғы автобустар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері