Бидайық – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бидайық» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2266
Жайқалады бидайық
Ленинград аэропорты алаңында.
Жайқалады бидайық
Пулковтың қабағында.
Жайқалады бидайық көз алдымда,
Жайқалады бидайық өз жанымда.
Қайдан келді бидайық, қайран қалдым,
Сарыарқаның сап-сары сәулесі ме?
Сонау өткен сұрапыл майдандарды
Сап-сары бидайықтар салды есіме.
Мен кетерде:— Далаңды сыйла, ұлым,—
Деп анам қарай-қарай қалып еді,
Жасын төгіп Торғайдың бидайығын
Жан қалтама ырым ғып салып еді.
Жараландым үш рет, жараландым,
Көп досымнан көз жазып дара қалдым,
Бидайығым қалған-ды осы өлкеде
Бір ұшына түюлі орамалдың.
Одан бері талай бұлт көшкен шығар,
Ол күндер емес тіпті естен шығар,
Мүмкін менің қанымнан
Ленинградқа,
Волховқа
Сап-сары бидайықтар өскен шығар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бидайық өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бидайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бидайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бидайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері