Ұсқынсыз біреу елестеп

Бұл бетте «Ұсқынсыз біреу елестеп» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2689
Шайхана, шашлык, көк жалын,
Көбікті сыра қолда ойнап;
Кеудені ұрып көкжалын
Тентіреп ішіп түн бойлап.
Иығымен қағып өткенді,
Көшені кезіп, дулатып.
Қорада жатқан иттерді
Дүрліктіріп, шулатып;
Қақпасын қағып әркімнің,
Тұрғандай оны сағынып.
Араққа сатып ар, құнын,
Әуелі мақтап, жағынып;
Шараптың жайып иісін
Аузынан жыны бұрқырап.
Балағаттап үй-ішін,
Мазаңды алар пұл сұрап.
Таңертең шеке зырқылдап,
Сұрайды тағы бас жазар.
Жататын буы бұрқырап,
Болар ма үйің көк базар?!
Келмесе кетсін, сағынып,
Отырған жоқпын көрем деп.
Үргенде иттер жабылып,
Жата алмаймын елеңдеп.
Келе ме мезгеп осы үйді,
Оттар ма екен өңештеп?
Ит үрсе жаным шошиды,
Ұсқынсыз біреу елестеп.
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұсқынсыз біреу елестеп өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ұсқынсыз біреу елестеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұсқынсыз біреу елестеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұсқынсыз біреу елестеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері