Менің шарларым – Бейсебай Кірісбаев

Бұл бетте «Менің шарларым» атты Бейсебай Кірісбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1553
Шарларым сары,
Шарым көк.
Зуладым тағы,
Дамыл жоқ.

Таласты інім,
«Бер» деді.
Мен бе едім мұның
Ермегі?!

«Қорқытпа жылап
Сен!» – дедім.
Бұралды құлақ,
Бермедім.

Шарларым сары,
Шарым көк.
Жарылды бәрі,
Шарым жоқ!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері