Мойнымдағы орамалдың қызылын – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Мойнымдағы орамалдың қызылын» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2222
Жүрсе білмей жеңілдігін тұзының,
Сәл ұқпаған, сезе алмаған ызыңын.
Елемейді екем тіпті, обал-ай
Мойнымдағы орамалдың қызылын.
Сөз қадірі, қаймағыңды қалқиын.
Қара бұлтты іше-іше сарқыдым.
Сағынышым сартап етті сананы,
Сары түстің кім ұғады салқынын?
Көгілдір шу, көгіс аспан, көп қысым.
Қарамысың, ей, тұңғиық, көкпісің?
Жоққа айналдырып жібере ме көп түстер,
Жердің көзі тірі әулие жоқшысын?
Ала қайғы алмаса да ала мұң,
Тауан қайтты.Таусылардай амалым.
Кешір мені, ұмытылған еріксіз,
Жасыл күннің жазығы жоқ жамалы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері