Бір өкініш өртей-өртей өзекті – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бір өкініш өртей-өртей өзекті» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1266
Бір өкініш өртей-өртей өзекті,
Тəтті тірлік мені мүлдем мезі етті.
Өзім қалып,
Бас бəйгеден баз кешіп,
Бір жүйрікке бергендеймін кезекті.
Жүйріктерге бере берсем жүлдені,
Ақтай алар,
Мақтай алар кім мені?
Өмірімнің жүзі ауғанда өрмектей,
Көңілімнің табылар ма күнде емі?
Бел буғалы белгісіз бір майданға,
Безіп жүрмін берекесіз тойдан да.
Қапылыста қанатыма оқ тиіп,
Қалар екен қауырсыным қай маңда?.
Қауырсынның бір талымен ал əзір
Таң атқанша жазайыншы жаңа жыр.
Таң атқан соң,
Той-думаншыл дүние,
Тамашаңа мені ертіп ала жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері