Бұл бетте «Түнерген мен емес, аспан» атты Ұларбек Дәлейұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түнерген мен емес, аспан,
Жас төккен мен емес һәм.
Жанарын зілдей түн басқан,
Мен емес ауырған,
Жан...
Тәңірі-ау,
Табармын қайдан,
Табылмас сол мендік мұрат.
Табылмас жерден де, айдан,
Жүр екен қай тұста жылап?
О, қайда?
Қайдасың мұңлық?
Сол ма еді алатын сауғам.
Кешкілік жаңбырда жым-жырт,
Мүлгиді шөп басқан аулам...
Сол ескі ғасырлар көрген,
Ол жақты тамұқ па дедім.
Таңылар төсекке, шерге,
Мәжнүн боп жарытпап едім...
Сен жетем дегенше:
Орманымды мүк басып кетті,
Ауламды шық басып кетті.
Даламды шөл басып кетті,
Жанымды шер басып кетті...
06. 06. 2014
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі