Терезе алдында сарғайған – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Терезе алдында сарғайған» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Терезе алдында сарғайған,
жапырақтың деміне билеген
пердемнің
тербелер шуақты етегі...
...аяулы, әппақ әлемім.
Қарашы,
жапырақтарға қадалған күн жебесі.
...ағылған мінәжат көресің.
Қашанғы,
шыбындай қарашығым әйнекке соғылар,
Аппақ пердемнің ар жағындағы аңсар,
қашан есесің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері