Найза-қара – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Найза-қара» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 772
Өз тұсынан о дағы
қарғып шығып, қалды үздік —
қиын,
қиын соғады,
шың болсаң да, жалғыздық.
Тұрған бойы күпірлік,
күпір,
күпір, масқара;
жараспаған бұ тірлік
жаратқаннан басқаға.
Баяғы сұс, кәрі айбын,
кімге керек көктігі?
қар да тұрақтамайды,
қатаяр да жоқ түгі.
Кетіпті тым әріге,
ақ бұлттардан әрі асып.
Қатар өссе бәрімен
тұрар еді-ау жарасып.
Қатал тағдыр кез келді,
аяр пенде жоқ әлі.
Ортасынан безгеннің
обалы жоқ, обалы.
Өзгелерден,
мұндар жан,
өскенің жөн ептеп кем:
ол — безген жоқ шыңдардан,
шыңдар оны шеттеткен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Найза-қара өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Найза-қара өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Найза-қара өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Найза-қара өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері