Бір бүйірде қызса деп ем өлеңім – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Бір бүйірде қызса деп ем өлеңім» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2183
Бір бүйірде қызса деп ем өлеңім,
бір ұйқыны бұзса деп ем өлеңім.
Ақылдыға қайғы алдырсам деп едім,
ақымақты ойландырсам деп едім.

Қарсы біткен түк сықылды мақпалға,
ажарыңды бұздым жанға батқанда,
ей, өлеңім,
қараулардан алыс бол,
қайғысызға, қанша оқысын, жатталма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері