Орманшы – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Орманшы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1499
Қалың ағаш iшiнде
Орманшының тұрағы.
Елiктер
Су iшуге,
Үйiне кеп тұрады.
Сайрап, басып күйiне,
Құстар кеңес құрады.
Кейде орманшы үйiне
Аю мойнын бұрады.
Орманшының қолынан
Бұлан жем жеп кетедi.
Желе жортып соңынан
Түлкi-дағы өтедi.
Ормандағы аңдарды
Орманшылар қорғап жүр.
Аң торитын жандарды
Жолатпайтын қорған бұл.
Күзетте жүр сол үшiн,
Қоритыны аңдар ғой.
Ең қауiптi ол үшiн
Аң торитын жандар ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері