Мінездеме – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Мінездеме» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1405
Қай баланың
«Бесi» көп,
Сол баланың есi көп.
Кiмдер алса
«Төрттi» көп,
Сана класс көркi деп.
Ал баланы
«Үш» көп,
Ойла,
Шала iсi деп.
Кiм оқыса
«Екiге» –
Қарама оның бетiне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері