Шофер – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Шофер» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1001
Бiз тұрған қалада
Көше кең,
Адам көп.
Бiрақ та, алайда,
Машина одан көп.
Бiреуi бiрiне
Жол берiп,
Жол ашқан.
Бiреуi бiрiмен
Жөн сақтап санасқан.
Барлығы аман-сау
Соғыспай жүредi.
Шоферлар қалайша
Ұғыса бiледi?
Шоферлар бiр тiлдi,
Бiлер деп түсiнем.
Көшеде бiр-бiрiн
Ұғысар iшiнен.
Сыйласа бiлген мен
Əдептi, тəртiптi,
Шоферден үйренген
Бəрiңе жөн тiптi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері