Жаужүрек – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Жаужүрек» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өзендегi көпiрге
Жайғасыпты Қарақұрт.
Арғы бетке өтуге,
Дауалайды қалай жұрт.
Қарақұрттың қорлығы-ай,
Басынғаны-ай, зорлығы-ай.
Көрiп оны алыстан,
Өте алмай тұр Арыстан.
Болса дағы бойда күш,
Жасқанады Жолбарыс.
Өтпек болған
Қасқырды
Қарақұрт тым састырды.
Бата алмай Түлкi тұр.
Сиыр, Түйе, Жылқы тұр.
Қарақұртқа бармақтай
Амал таппай, əл таппай,
У-шу болып жиналып,
Тұрды бəрi қиналып.
Осы кезде –
Қой келдi,
Жабыла оған жол бердi.
Қаймықпай ол дөп барды,
Қарақұртты жеп алды.
– Неткен, неткен Қой батыр! –
Деген бəрi ойда тұр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаужүрек өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Жаужүрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаужүрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаужүрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері