Бассыз дене немесе Өң мен түстің арасы
1.Бір түс көрдім қазақ жайлы өткенде мен,
Адамдарды екі топқа бөлген екен.
Денесі жоқ бар екен кейбір БАСТАР,
Ал, басы жоқ денелер қаптап кеткен.
2.Бассыз дене кетіп барат бағыты жоқ
Көретін көз, еститін құлағы жоқ.
Жоқтығына басының уайымдамас
Болса болды қарны тоқ, көйлегі көк
3.Мақсатсыздар шашыраған жан-жаққа
Қайда бара жатқанын ойланбап па?!
Білсін қайдан басы жоқ аяғының
Тартып бара жатқанын тұзақ жаққа
4.Ал, бір шетте ойланып БАСТАРЫҢ жүр
Басқалардың былығынан тысқары жүр
Қанша қимыл жасауға тырысқанмен
Әрекетсіз өң бойы қуарып тұр...
5.Қуарып тұр, бірақ әттең амалы жоқ
Бассыз тұрған ДЕНЕГЕ айтары көп
Діңкелеп жете алмаған межесіне
Кері кеткен дененің қайтары жоқ
P.S Төрдегі бас көрге түссе не болады
Қараңғыда көртышқанға жем болады
Дәл осылай барлығы кете берсе,
Адамзаттың ертеңі не болады.
Толғанай
Керемет
Салидат
Жарайсың тек сәттілік тілеймін
Аяулым
Оте керемет рахиет