Қырғыз қызына – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Қырғыз қызына» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алатаудың ақ маралы,
Ақ тамағы сен бе едің?
Неге сонша көп қарадың,
Неге жанды сен тербедің?
Қадалды ғой от жанарың,
Неге жақын бір келмедің?

Қызыл-жасыл таудың гүлін
Сыйлайын ба, бал-құрбым?
Алатаудың бар бұлбұлын
Жинайын ба, асыл құрбым?
Ән мен гүлге балбыратып,
Жырлайын ба, асыл құрбым?

Ерші маған, балғын жүзім,
Құшағымды ашайын,
Аспанымның ақ жұлдызын
Шашуыңа мен шашайын,
Алып ұшып аққуымды
Алатаудан бір асайын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері