Көне жұртқа қайрылу

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1401
Жатқанмен талдар гүлдеп, дүреп терек,
Сөнетін болмады ғой жүректегі от.
Бақ тілеп кеткеніммен: "Ермеді" деп, —
Жырларым саған әлі жүр өкпелеп.
Білмеймін — өлең басқа, мен бөтен бе? —
Қиялға жел жетер ме —
Пелде-пелде!
Ит көңіл ескі жұртқа қарап ұлыр,
Даланы көкек әні тербетерде.
Жастықтың нұр - шарабын ұрттап алып,
Жүргенде ай сәулесін мұртқа жағып,
Көк шәйі сағым бұлғап көкжиектен,
Қойып ең ермей маған жұртта қалып.
Мен кеттім шарлаймын деп аспан астын,
Мәңгілік болдың жаннан тастамас Мұң.
Бейнеңді өлеңіме көшіріп ап,
Біржола өшпейтін ғып тасқа бастым!..
Айналып жаны нұрға, тәні гүлге
Алдымнан шығар ма деп тағы бірде —
Тұсынан көне жұрттың өткен сайын,
Өлеңім өгейсиді әлі күнге.
Күлкісін кір шалмаған асыл жардың
Шат күйде жүргеніммен қасында әр күн —
Соңғы рет көне жұртқа соғам өлі —
Өкпесі өлеңімнің басылған күн...

Сәуір, 1986. Алматы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көне жұртқа қайрылу өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Көне жұртқа қайрылу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көне жұртқа қайрылу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көне жұртқа қайрылу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері