Қостаған – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Қостаған» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1166
Екі жол өлең жазуды бір кез бастағам,
Ат қойдым енді қысқа да нұсқа – қостаған!
***
Сияқты толы тостаған,
Артық сөз жырға қоспаған.
***
Жанын ұқсаң, адамның бәрі жақсы,
Жынына тисең, айналады жаманға!
***
Бой алдырма қисық ойға қаңғыбас,
Жарға жығар, жұмысың да мандымас!
***
Күнә дейді көмескі ойды күмәнді,
Күмәнді оймен көрген күнің тұманды!
***
Көркемдік қашар көңілден,
Керілген кезде көкірек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері