Өлең, жыр, ақындар

Қатым дейді

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1377
Қатым дейді,
Мен оны да білмеймін.
Деген жұрт жоқ – дұрыс, бұрыс бұл мейлің, –
Құран үнін жүрегіммен тыңдадым,
Жан дүниемде толқып жатты нілдей мұң.
Өткен өмір, естелікті ақтарып.
Жадымдағы жатқан жайлар қатталып,
Жетегіңде жүрген күндер аңсатты,
Көкейімде сақталып.
Өтті жыл да, өтті айлар, өтті күн,
Анашым-ай,
Көкте жауын, төкті мұң.
«Қатым құран» оқып жатқан кезінде,
Үнсіз ғана өксідім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағылымды сөз айттыңыз, келелі

  • 0
  • 0

Тағылымды сөз айттыңыз, келелі.
Асыл сөз ғой, тәлімі мол, берері.
Ар бейнесі – азаматқа дарыған,
Аналардың ақ сүтімен келеді.

Толық

Ұлт сарбаздарына

  • 0
  • 0

Жаңғыртып сөздің салтын көнергеннің,
Көнені жаңартса екен өр өлеңім.
Көсемдер топ алдында сөз бастаса,
Қол бастайтын осы ғой өрендерім.

Толық

Туғаныңдай болса екен ғой, барша адам

  • 0
  • 0

Туғаныңдай болса екен ғой, барша адам,
Бағын ойлап, бауырының шаршаған.
Құр елеспен арманына жете алмай,
Өтіп жатыр бұл өмірден қанша адам.

Толық