Тастанды бала
Бұл бетте «Тастанды бала» атты Дидар Қуаныш жазған бала туралы өлең берілген.
Көзімді аштым, саулаған жаңбыр, бұлтты аспан,
Жатырмын аяқ астында – жолда жұрт басқан.
Суық бетонның ызғары тесіп кеудемді,
Тұншықтым желге есінен әбден алжасқан.
Ақпанның соңғы ызғары – менің жарығым,
Тағдырға осынау сорлатқан қатты налыдым.
Анашым, неге тастадың мені, қайдасың?
Ұғынбадың ба киесін бала зарының?!
Тоғыз ай бойы жатыр ем жылы құрсақта,
Неге сырт тептің, кез болдым қалай бұл шаққа?
Анам-ау, күнін көрер едік қой Алланың
Қара су, қара нанға да тәубе қылсақ та.
Барамын мұздап, сезбеймін аяқ-қолымды,
Ораларсың деп жатырмын қарап жолыңды.
Үлгерші, ана, шыққанша жаным көрейін
Жүзіңді бір рет, қысайын ыстық қолыңды.
Жанды тебірентердей-ақ керемет жазылған бұл туындыға берер бағам жоғары. Өкінішке орай, мұндай сұмдықтардың жиілеп бара жатқандығы өзегімді өртейді.
Жанды тебірентердей-ақ керемет жазылған бұл туындыға берер бағам жоғары. Қазіргі таңның өзекті мәселесіне айналған бұл тақырып кез-келген адамды бейжай қалдыра алмайтыны анық.
Мағынасында өте терең ой жатқан туынды оқығанда көзге жас келип толғандырарлық туынды. Дидар шығармашылығын арта берсің.
Рахмет бəріңізге!
Қазағымыздың өзекті мәселелерінің бірі.Қəзіргі таңның болып жатқан өмірі.
Əрі қарай өлеңін жандыра бер.Тек қана алға!!!! Дидар
Жарайсың Дидар! ????????????
Жарайсың Дидар! Жақсы өлендер. Əрі қарай жалғасы болсың. ????????????
Рахмет! Алла бұйырса, тағы да болады жалғасы