Құрбыларға өсиет
Бұл бетте «Құрбыларға өсиет» атты Құдайберген Ситора жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жер дүниені жайлаған,
Тамырлап, көкке бойлаған,
Құмар қылып өзіне,
Адамды жіпсіз байлаған.
Дəмін тақтан адамзат
Алжасып оған байланад,
Ағайын-туыс ұмытып,
Шайтанға нағыз айналад.
Есіңді жи,қазағым
Атаңнан қалған ас педі?
Ата-бабаң бұрыннан
Харамзаттан қаш деді.
Есірткіге құмартқан
Тəніңе өзің қас педің?
Қой дегенде қоймайтын,
Меңіреу болған мас педің?
Денсаулық деген берілген
Алладан саған аманат,
Қылма онда бауырым
Аманатқа қиянат.
Нашадан құмар аласың,
Тіл алмайтын шаласың
Денсаулықтан айырылып,
Құдайға не деп барасың?
Қолын ашсаң арасын
Сұйық нəрсе тұра ма?
Ақылың болса бауырым
Жалынып сенен сұраймын,
Есірткіге жолама!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі