Желтоқсан алаңы
Бұл бетте «Желтоқсан алаңы» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындықта елестейді қара бет,
Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,
Кемсітпекші "желтоқсанның жалаң аяқтары" деп.
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады
Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады. ...
Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.
Оны да еске салады
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.
Мұхтар ағамызға денсаулық тілеймін. Қазақтың нар қасқа ақыны, халық жанашыры. Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын!!
Тәуелсіздік құтты болсын!
Тəуелсіздік мерекесі құтты болсын!♡♡♡
Тауелсиздик кунимен куттыктаймын♡
Унемдеу туралы Макао мател барма???
Өте байяпты да бағалы жазған екен
Маған қатты ұнады
маған ұнады
Маған өте ұнады
Өте тамаша өлең екен
Мухтар ага керемет жазыпты.оз керегиме жарататын болдым
Өте тамаша өлең.
Жақсы өлеңдер
Мұхтар атамның əрбір өлеңі менің жүрегімнен шығады. Осы өлеңді жаттап алдым тəуелсіздік күніне оқимын. Тəуелсіздік күні құтты болсын!!
керемет!! оте асерлы! маган катты унады
керемет мухтар ага олендери оте тамаша
Кандай керемет олеен! Денем бирден титиркенип, козиме ыстык жас келди!!!
өте тамаша өлеңдердің бірі
əсерлі өлең емес ұйқаспайды
Мухтар агамыздын по олени магыналы боладыгой ширкин оте катты Жаксы коремин осы оленди тауелсиздигимиз Манги болсын Казак ели
Кол жиынап, ұсыныс жаау керек, Мұхтар ағаны Халық қаһарманы атағын беруге
Венера, дұрыс айтасыз қайдағы жоқ біреулер түрлі марапаттар алып жатыр, ал Мұхтар ағамызға неге түк те берілмейді?
мен өлеңді оқи отырып өзіме рухани байлық алдым.Мұхтар ата сіз керет жансыз.мен сіздің барлық шыгармаларынызды сүйіп окимын.Мен сізге тек жақсылық тілеймін ! Сіз секілді агаларымыз көбейе берсін!!!
Oте унады желтokcан батыpлаpы мангi ултымыз жадында лаула лаула желтokcаннын музга жаkkан алауы oздеpиндй op opkенй баp елдйн енkйyге тйcтй емеc жалауы...
Оте керемет Мухтар Шаханов аманесен журиниз сиздин олендерыны езды суйып окыймын
Мұхтар ата тек алға
мен осы Мұхтар Шаханов атамыздын жарысына қатысқанмын сол кездегі әр ісі әр сөзі мағыналы ғой атамыздын мені танғалдырды
Тауелсиздик кутты болсын баршамызга
Кушти маган унады
өте тамаша Мұхтар аға мен сіздей қасқа ақын болғым келеді . Бірақ осы бола алмаймын ау . сіздей болу қайда .Сондада мен ұмтыламын . Мұқтар ата əрі қарай ісіңіз алға жүре берсін . тек алға Мұхтар ата сəттілік өміріңізге серік болсын
оте керемет ,маган унады
Мұхтар Шаханов жырларының астарында үлкен шындық жатыр.Шаханов жыры рухты жырлар санатынан.Басқа ақынды қайдам Шахановқа үлкен құрмет көсетіп барында бағасын берген жөн.Елдің қамын ойлайтын алып тұлға.
Жақсы
Маған ұнады әдемі жазылған
Унамады вообще
Унамады вообще дурыспа халқым
Өте қиын бірақ керемет
Zor shyqqan eken
Zor shyqqan eken
Тəуелсіздік мерекесі құтты болсын!♡♡♡
Журекке сондай жеттi ♡♡♡