Қиян даланың кер киіктері

Бұл бетте «Қиян даланың кер киіктері» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1639
Самсатып далам өр-биіктерін,
Тұла бойымнан тер құйып менің —
Тұлпарға мініп қуғанмын талай
Қиян даланың кер киіктерін.
Көңілім жошып — мұңнан айығып,
Алтын алғандай құмнан айырып —
Таңы жарқылдап алқызыл жалын
Баратушы еді қырға жайылып.
Таматын көзге ғаламдағы арай,
Жанатын нұр боп жанарда жаңа ай.
Киіктің лаулап тірі толқыны
Ағатын еді аранға қарай.
Қанына нұрдың шыланды бетім,
Ұртымызда ылғи ұран жүретін.
Бабамызға ұқсап отырдық кейде,
Бұзбай пісіріп бұланның етін...
Шақты ұмыттырып налаға батқан—
Қанатын ақ бұлт — шағала қаққан.
Аңқылдай сөйлеп ақкөңіл аңшы,
От қандай еді — далада жаққан!..
Кім екен тартып несібін алған?
Бәз далам жатыр... есімі қалған,—
Кер киіктерін жоғалтып мәңгі,
Сұлулық өртін өшіріп алған.
Көшкенде тырна тізіліп қырдан,
Шақырып ұран қызынып тұрғам.
Етті емес — шөпті қаузайды әлсіз,
Аранның тісі мүжіліп тынған...
Зорға асты бері өр-биіктен Ай,
Кетермін қырды мен қиып қалай!..
Серілік көріп салт атпен қуған
Кешірші мені,
Кер киіктер-ай!..
Қасапханада — қазанаттары...
Зауыттың мойын созады оқпаны.
Шақырады арбап шаһарлар шамы —
Сықылды бейне тозақ оттары.
Ырсиды кенет аран — арадай,
Айлы аспан бейне қара моладай...
Иесіз қалған үрейлі қырдан
Қашып кеп бердім... қалаға қарай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиян даланың кер киіктері өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Қиян даланың кер киіктері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиян даланың кер киіктері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиян даланың кер киіктері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері