Айға алғаш ұшқанда

Бұл бетте «Айға алғаш ұшқанда» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1751
Қарашы гүл далаға,
Қарашы нұр қалаға.
Қуанышы қойнында,
Қарашы бар балаға.
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Асқақтаған ән жапты
Астықты аймақ алапты.
Қырға шықсаң кез-келген,
Ғажайыпты көз көрген.
Қазағымның даласы
Танымастай өзгерген.
Кеше дала құм басқан –
Бүгін қала нұр шашқан.
Жеті қабат жұмбақты
Бізге құлақ түрді аспан.
Он айналып нұрлы Айды,
Зымыраным зырлайды.
Қуанышқа кенеліп,
От жүректер тулайды.
Алақанда Ай бүгін,
Жаз шуағын жайды күн.
Салтанатпен тойлайды,
Бақытты елім байлығын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айға алғаш ұшқанда өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Айға алғаш ұшқанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айға алғаш ұшқанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айға алғаш ұшқанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері