Биік

Бұл бетте «Биік» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2453
Желпіп жаздың гүлдері,
Күн күледі нұр құйып.
Жетелейді ілгері
Бір биіктен бір биік.
Тұнған сыры тұңғиық
Шықсам шыңға асыға,
Тағы да алдан бір биік
Шақырады басына.
Талай қиын жолды аса,
Ұмтыламын мен өрге.
Сол биіктер болмаса,
Қалғандаймын төменде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Биік өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Биік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Биік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Биік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері