Таң

Бұл бетте «Таң» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1044
Алтын таңмен арайлы
Жайқалар бақ балбырап.
Гүлдендіріп маңайды,
Анарлар тұр албырап.
Жылы сәуле түседі
Жемістерге мұндағы.
Апелсиндер піседі –
Күннің ерке ұлдары.
Сіңе берді күн шуақ,
Тәтті әуенге таң бөлеп.
Жұпар иісі бұрқырап,
Дөңгеленді әңгелек.
Мектепке әсем сән беріп,
Көк теректер құлпырды.
Таң нұрымен әрленіп,
Күнге қарай ұмтылды.
Күн астында өрімдей
Ұл-қыздар да өседі.
Туған жердің төрінде
Қызық дәурен кешеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Таң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері