Өмір шұғыласы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өмір шұғыласы» атты Абдрахман Асылбек жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1636
Өмірге келдің алғаш шапағат боп,
Жандырған жүрегімді махаббат боп.
Талпынып тал бесікте жаттың, балам,
Қауызын жаңа жарған шақалақ боп.
Сондағы шаттығымды білсең менің,
Байлығым, бақытым да бір сен дедім.
Үстіңе сағат сайын төне түсіп,
Шұғыла шуақ болып күлсең дедім.
Күлдің сен көп ұзамай күнім болып,
Көктемгі көзді тартқан гүлім болып.
Әр қимыл, әр қылығың шабыт берді,
Жаңа бір жазылмаған жырым болып.
Қаншалық күткенімді білсең менің,
Бар қызық, базарым да бір сен дедім.
Асықтым, адам болып қаз тұрғанша,
Жүгіріп, жар жағалап жүрсең дедім.
Жүрдің сен көп ұзамай тәй-тәй басып,
Аяқты алғашқыда байқай басып.
Құлдырап шығып кеттің қыр басына,
Артыңнан қала бердік айқайласып.
Ұядан түлеп ұшқан балапандай,
Қияға қанат қақтың дара талмай.
Зымырап кете бардың көз ұшында,
Көрініп кең дүние алақандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір шұғыласы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өмір шұғыласы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір шұғыласы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір шұғыласы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері