Диірменші

Бұл бетте «Диірменші» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1720
Сызаттанды диірменнің тоғаны,
Күш алмаған ол әлі.
Тоқтар еді тоған да,
Диірменші қамданғанда табанда.
Жырынды су үдей түсті күн санап,
Бір үн шықты маңайда:
«Ей, Диірменші, абайла!
Бейқам болма мұншама».
Диірменші айтты: «Қауіптену бекерлік,
Тоған суы жетерлік,
Осылай-ақ пақуатты тұрамын».
Жатқанда ол ұйықтап,
Жұлқынып су бұзды тоған құлағын.
Тіреп анық тұйыққа,
Тасы айналмай, тоқтап қалды диірмен.
Аласұрып Диірменші күйінген,
Суды қалай тоқтатуды ойлады,
Жіті қарап, тоған бойын бойлады.
Тауықтарын көре сап су ұрттаған:
«Оңбағандар, – деді айқайлап, – мұттаһам!
Суды өзім жеткізе алмай тұрғанда,
Жүргендерің қанып ішіп бұлғаңдап».
Қырды бәрін бір таңда.
Не демексіз оған сіз?
Қалды ақыры тауықсыз да тоғансыз.
* * *
Осы сынды шамалы
Ақымақтар бар әлі,
(Бұл мысалым ондайларға тартуым).
Кейде мыңдап жұмсағанда мол шашып,
Үнемдеп-ақ балауызды болмашы,
Ойлар байлық артуын.
Берекесіз әурелікпен жүргенде,
Тап осындай ғажайыпты білген бе?
Тап-тақыр боп шыға келер бір демде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Диірменші өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Диірменші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Диірменші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Диірменші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері