Кейбір адам ретсіз семіреді – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кейбір адам ретсіз семіреді» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1324
Кейбір адам ретсіз семіреді,
Семіреді – өмірін кеміреді.
Көзін ашса, ас болып аңдығаны,
Күні-түні ұйқыға беріледі.
Кейбір адам ретсіз семіреді,
Семіреді – жүруге ерінеді.
Кимылдаса, кысылып қос өкпесі,
Қарға адым жер, қашық боп көрінеді.
Кейбір адам ретсіз семіреді,
Семіреді – тым ерте жеңіледі.
Келмей жатып қырыққа қартаң тартып,
Әжім ізі бетінде өріледі.
Кейбір адам ретсіз семіреді,
Семіреді – сергек ой шегінеді.
Шегінгені емес пе, талай арман
Көктей алмай көңілде көміледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кейбір адам ретсіз семіреді өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кейбір адам ретсіз семіреді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кейбір адам ретсіз семіреді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кейбір адам ретсіз семіреді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері