Әдемі қыз

Бұл бетте «Әдемі қыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4227
Әнін жазған Радион Тэн

Әдемі қыз, әдемі –
Сұлулықтың әлемі,
Жігіттердің жан емі,
Одан бәрі дәмелі.
Әдемі қыз үнемі
Әдемі боп жүреді.
Әдемі деп жалындар
Жігіттердің жүрегі.

Қайырмасы:
Ей, жаным, маған қарашы:
Көздің қарасы,
Сөздің сарасы,
Ей, жанам, мен емес пе?
Бақ құсым деп санашы,
Артық бағасы.
Әдемілік – таң нұры,
Әдемілік – жан гүлі.

Әдеміге арналған
Ақындардың ән-жыры.
Әдемілеп әнін де,
Әдемілеп тәнін де,
Аруларды жаратқан,
Ырзамын мен Тәңірге.

Қайырмасы:

Ей, жаным, парқын білемін:
Жарқын жүрегім,
Алтын гүл өңім.
Ей, жаным, ұғамысың?
Бір өзің деп үнемі,
Ән сап жүремін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әдемі қыз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Әдемі қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әдемі қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әдемі қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері