Бойжеткен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бойжеткен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2602
Әнін жазған Әсет Бейсеуов

Қыз он беске келген кезде,
Атанады бойжеткен.
Сүмбіл шашын өрген кезде,
Сұлуланып бой кеткен.
Айна алдында таранады,
Бойжеткен қыз бұралып.
Тал шыбықтай таралады,
Исі жұпар гүл анық.

Қайырмасы:
О, бойжеткен, бойжеткен,
Балғын шағы ғой көктем.
Қызғалдақтай жайнаған
Қызыл-жасыл көйлекпен.
Өнерпаздар сайлап ән,
Көп кешікпей той жеткен,
О, бойжеткен, бойжеткен!

Қыз керемет күй кешеді,
Жанай өтсе бозбала.
Үнсіз ғана тілдеседі,
Күлім қағып көз ғана.
Сылаң қағып, бұрала бел,
Жүректерді сөйлетсе,
Қу жігіттер, қуана бер,
Ерке қыздар бой жетсе.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бойжеткен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бойжеткен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бойжеткен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бойжеткен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері