Есімовке – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Есімовке» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1045
Ел еркесі Есімов,
Ел серкесі Есімов.
Әкім болып келді деп,
Қуанып ек қосылып.
Келісімен жұмысқа
Кіреді деп шешініп.
Бірақ, барлық ісіңді
Бастадың тек тосылып.
Әлде, барлық ниетіңді
Ауыл жаққа көшіріп,
Агроном боп жүрмісің,
Жүгерісін өсіріп?
Қала қалды жайына,
Қараймыз тек шошынып:
Бітпей қалды сансыз үй,
Мезгілінен кешігіп.
Жылға жетпей жолдары
Қалды құрқ-шұрқ тесіліп.
Машиналар митыңдап,
Жүре алмайды көсіліп.
Елді алдайсың қашанғы,
Құрғақ сөзбен есіліп?
Саған артқан сенімнің
Болғаны ма бос үміт?
Жаса тура тіршілік,
Елді ойласаң, Есімов.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есімовке өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Есімовке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есімовке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есімовке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері