Мен суықпын – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мен суықпын» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 786
Мен суықпын...
Түсі суық көрдеймін.
Көрінгенге бейілімді бермеймін.
Бəйшешегін бауырында əлдилеп
Алты ай қыста ақ жамылған жердеймін.
Мен суықпын.
Мұз құрсанған көлдеймін.
Көрінгенге көңілімді бөлмеймін.
Құлыпталып құлықсызға құпиям,
Бұлт болып көз аяңда көлбеймін.
Мен суықпын.
Қар жамылған таудаймын.
Өз көңілімді өзім ғана аулаймын.
Жақсыларға – жасыл барқын баураймын,
Жамандарға – зауал сыйлар жаудаймын.
Мен суықпын.
Суық болып көрінем.
Еміренсе, кез келгенге ерір ем...
Қаусамай ма қасат-қасат қар да анау
Алқын желмен – Алтынкүрек лебімен!
Мен суықпын.
Суық болып көрінем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен суықпын өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мен суықпын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен суықпын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен суықпын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері