Айтпашы өткенiңдi, өтiнемiн

Бұл бетте «Айтпашы өткенiңдi, өтiнемiн» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 675
Айтпашы өткенiңдi, өтiнемiн,
Жүрегiм – жылап қалар жетiмегiм.
Тылсымға кезiккендей, тiл байланып,
Күрсiнге толып кеттi-ау көкiрегiм.
Айтпашы өткенiңдi, сұранамын,
Батпай жүр бұл фəниде күнəға кiм?..
Тəңiрге тақуаша тəн бере алсақ,
Табармыз тазарудың бiр амалын.
Айтпашы өткенiңдi, тағы өтiнем,
Тiрлiкте – бақ баянсыз, бəле – түгел.
Болдым ғой беттескендей Нəлетiмен,
Болдым ғой ет кескендей сан етiмнен!..
Айтпашы өткенiңдi,
Мен сұраман.
Аяшы жүрегiмдi қансыраған.
Қай мұңлық ол байғұсты жаспен жуып,
Қай сұмдық ол бейбақты жаншымаған…
Айтпашы өткенiңдi…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айтпашы өткенiңдi, өтiнемiн өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Айтпашы өткенiңдi, өтiнемiн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айтпашы өткенiңдi, өтiнемiн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айтпашы өткенiңдi, өтiнемiн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері