Шамдалдардың шапағына

Бұл бетте «Шамдалдардың шапағына» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 525
Шамдалдардың шапағына
Шомылам,
У ішемін сезімімнің қолынан.
Шыршу шығып,
Шайқалады мына әлем,
Хауыздардың көз жасында толы қан.
«Серенада» музыкасын ойнаған,
Кім болды?» – деп, күні-түні
Ойланам.
Терезесі періштенің
Аулақта,
Қасіретті,
Көрінбейді
Ой, маған!
Қылышымның сығымдаймын
Қынабын,
Қайласызбын дәл осы сәт,
Ұғамын.
Хан сарайдың қабырғасы тұтас тас,
Екі тамшы жас боп түсті
Шыдамым.
Бейнеуі жоқ бейнемді сол
Жек көрдім,
Бағы зор ғой шатырда ұшқан кептердің.
Шындық қалай жете алмаса
Патшаға,
Мен де сондай дәрменсіздік
Өткердім.
Жер тұтқасын таба алмадым,
Қармандым,
Күйін кештім торға түскен арланның.
Жұмақ құстың қанаты бар шашында,
Біле алмадым, қайда екенін, арманның?!
Мізбақпайтын
Істемессің тасқа дым,
Көре алмадым
Мен жасайтын басқа адым.
Мұнараның ең ұшына шықтым да,
Тасқорғаннан өз-өзімді тастадым.
Қағып алдың,
Жерге бермей Аспаным,
Өзгеше өмір, өзге тірлік бастадым.
... Құлтас маған «жаз, – деп едің, – құнды өлең»,
Бұл жолы да құпиямды
Ашпадым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шамдалдардың шапағына өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Шамдалдардың шапағына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шамдалдардың шапағына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шамдалдардың шапағына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері