Қалжырадым – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қалжырадым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 672
Қалжырадым
Қанжілік боп, қалқам-ау,
«Мен» дегенде қабағың да шалқақ-ау.
Жүрегіме сен орнатқан күмбезді,
Келмей жүр ғой өз қолыммен
Балталау.
Мынау тірлік – қара самар,
Қарасам,
Жиіркенішті,
Сөйте тұра әрі асам.
Жібек шытың желмен ұшып жетер ме,
Биыл қыстан шығуға сол жарасам.
Қу көңілім әр нәрсеге
Боп алаң,
Көріп жүрмін,
Ел көрмеген зобалаң.
Көкіректі баяғыда-ақ паршалап,
Жәудіретіп,
Жанарды алды доғалаң.
Қалдым рас,
Кінәраттан кірәжіп,
Пайда болды аяқ асты бір-ә, жік.
Екі арамыз үзілді де,
Үздіктік,
Қолға түспес жалғайтұғын сірә, жіп.
Ылғал таппай
Көншірліктей ындыным,
Қақтым барып босағасын мұңдының.
Күлге шөгіп өлетұғын ыбрынай,
Қаққа аунатты қасіретің ...
Тынды үнім ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалжырадым өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қалжырадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалжырадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалжырадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері