Арқа аруы мен ағасының әзілі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Арқа аруы мен ағасының әзілі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1803
– Айналайын қалқам-ай,
Жүдеңкіреп қалыпсың.
Жаннат жерде Арқадай
Жағдай жоқ па анық шын?
– Ағатай-ау, қалада
Бойды күшен қыз едім.
Келдім-дағы далаға,
Еңбекке бет түзедім.
– Еңбекке жең түрінген
Қыз қылығың көп бөтен.
Жолыңды орап жүгірген
Жігіттері жоқ па екен?
– Болса болар, бірақта,
Білектісін көрмедім.
Орағымды құрақта
Оңды-солды сермедім.
– Хатшы отырып кеңседе,
Бұйрық берсе болмас па?
Бар ісіңді еңсере,
Жігіт шөпті ормас па?
– Жүретұғын жетексіз,
Жігіт қайдан табылсын.
Ебін білмей есепсіз,
Шөп те қайдан шабылсын.
– Ұқтым, қалқам, халіңді,
Аямайсың жаныңды,
Аямайсың арынды
Жігіттерді жалынды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арқа аруы мен ағасының әзілі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Арқа аруы мен ағасының әзілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арқа аруы мен ағасының әзілі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арқа аруы мен ағасының әзілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері